Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясатының негізгі бағыттары, оны жүзеге асыру барысында қолданылған саяси, әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық әдіс-тәсілдер қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – патша үкіметінің қазақ даласын отарлау үдерісінде пайдаланған басқару тетіктерін, жер саясаты мен қоныстандыру шараларын кешенді түрде талдау және олардың қазақ қоғамына тигізген ықпалын анықтау. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құжаттары, революцияға дейінгі ресми басылымдар, статистикалық жинақтар, облыстық естелік кітапшалар, сондай-ақ отандық және шетелдік тарихшылардың еңбектері ғылыми айналымға тартылды. Деректерді талдауда тарихилық, объективтілік және жүйелілік қағидалары басшылыққа алынып, салыстырмалы-тарихи, тарихнамалық, деректанулық және контент-талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты әскери күшке ғана емес, әкімшілік реформаларға, жерді қайта бөлуге, қоныстандыру саясатына, құқықтық реттеуге және әлеуметтік өзгерістерге негізделген кешенді жүйе болғаны айқындалды. Сонымен қатар отарлау саясатының қазақ қоғамының дәстүрлі жер пайдалану жүйесіне, шаруашылық құрылымына және демографиялық жағдайына елеулі ықпал еткені көрсетілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – архивтік құжаттар мен әртүрлі кезеңдегі тарихнамалық еңбектерді салыстыра талдау негізінде патша үкіметінің қазақ жерін отарлауда қолданған айла-тәсілдерінің жүйеленуі және олардың тарихи маңызының жаңа методологиялық тұрғыдан бағалануында.
ЕСЕТОВ Н.Е.
PhD, аға оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан.
E-mail: n.yessetov@zhubanov.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-2564-4633
САИПОВА К.Д.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан.
E-mail: kamola_nuz@rambler.ru, https://orcid.org/0000-0002-8827-6583
- Қозыбаев, М. Аласұрған ХХ ғасыр (толқыныс, ізденіс, проблемалар) / М. Қозыбаев // Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение: сборник статей. – Алматы: МП «Наурыз», 1993. – 16 с.
- История Казахстана: белые пятна: сборник статей / сост. Ж. Б. Абылхожин. – Алма-Ата: Қазақстан, 1991. – 332 с.
- Парфенов И. «Белые пятна» в истории колониализма // Общественные науки. 1990. №1. с.171-176.
- Академия наук Казахской ССР. Материалы по истории политического строя Казахстана (со времени присоединения Казахстана к России до Великой Октябрьской революции). Т. 1 / Академия наук Казахской ССР. – Алма-Ата: Изд-во Академии наук Казахской ССР, 1960.
- ҚР ОМА, 29-қор, 5-іс,
- Очерк работы Тургайско-Уральской переселенческой организации. Оренбург, 1913, 59 c.
- ҚР ОМА, 29-қор, 7 іс.
- ҚР ОМА, 29-қор, 2947 іс.
- ҚР ОМА, 29-қор, 46 іс.
- Алекторов А.Е. (1891). Тургайская область // Статистический очерк. Оренбург; (1883). История Оренбургской губернии. Оренбург.
- Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 годах (1955). Сборник документов и материалов. Алма-Ата: Казгосиздат
- Шонанов Т. Қазақ жері мәселесінің тарихы. Қызылорда-Ташкент: Қазақстан мемлекет баспасы. 1926. 224 б.
- Седельников Т. Борьба за землю в киргизской степи. Санкт-Петербург: Электропечатное т-во Дело 1907. Алма-Ата. 1991.
- ҚР ОМА, 25 қор, 1365 іс.
- Министерство земледелия. Переселенческое управление (1917). Материалы по земельному вопросу в Азиатской России. / сост. В. А. Тресвятский. Под ред. Г. Ф. Чиркина и Л. К. Чермака. 135 с. Выпуск 1. Степной край. Петроград.
- Жемчужников Н.Н. Движение на Восток: к вопросам переселения, землеустройства и колонизации. Москва: Центр. изд-во народов СССР. 1927.144 с.
- ҚР ОМА, 25 қор, 12 іс.
- Труды 1-го областного съезда крестьянских начальников Уральской области в 1904 году Уральск. 1905.
- Журнал совещания о землеустройстве киргиз. Санкт-Петербург. 1907.
- ҚР ОМА, 29-қор, 62-іс, 1-3пп
- Турсунбаев А.Б. Из истории крестьянского переселения в Казахстан. Алма-Ата: Издательство Академии наук Казахской ССР. 1950. 102 с.
- Тургайские областные ведомости (1913). №16
- ҚР ОМА, 29 қор, 172іс, 11п
- Вопросы колонизаций. (1912). № ІІ
- Отвод наделов переходящим к оседлости киргизам и их переселение в скотоводческие районы. Санкт-Петербург. 1911
- ҚР ОМА, 29 қор, 66 іс, 3п
- ҚР ОМА, 29 қор, 286 іс, 53п
- ҚР ОМА, 29 қор, 265 іс, 7п
- Қазақ газеті. (1915). № 107
